Аймақтар • 15 Қаңтар, 2024

Түркістан облысында үшем дүниеге келді

2620 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының Төлеби ауданына қарасты Көксәйек ауылдық округінің 40 жасар тұрғыны Гаухар Бегалиева өмірге үшем алып келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Аудан әкімі Төлеген Телғараев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров отбасының шаңырағына барып, бір ұл мен екі қызға арба, сондай-ақ, қажетті гигиеналық заттарды тарту етті.

Бұған дейін бір ұл және бір қызы бар отбасы осылайша, көпбалалылар қатарына қосылды. Үшемнің анасы аудандық емханада медбике болса, әкесі №3 Көксәйек арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында санитар болып қызмет етеді.

Айта кетсек, нәрестелерге Әлінұр, Айсана, Айлана есімдері берілді.

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Қос «Қызыл Жұлдызды» майдангер

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Субсидияның қайтарымы бола ма?

Субсидия • Бүгін, 08:15

Жаралы жылдар жаңғырығы

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:10

Ауру – астан...

Қоғам • Бүгін, 08:05

Ел газетіне – 106 жыл

Егемен Қазақстан • Бүгін, 07:50

Тыныштық түсі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Жаңа термин

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:40

«Талтүстегі» қоңыр күй

Тағзым • Бүгін, 07:35