Қоғам • 15 Қаңтар, 2024

800 директордың алдында қандай мәселе талқыланғаны белгілі болды

6301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда өткен директорлар форумына 800-ден аса мемлекеттік мектептің директорлары қатысты.   Алқалы жиында Алматы қаласы, Жетісу  және Алматы облыстарының мектеп директорлары, білім басқармалары мен бөлімдерінің басшылары білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz  Оқу-ағарту  министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

800 директордың алдында  қандай мәселе  талқыланғаны белгілі болды

Фото: oqu_agartu

«2023 жылғы білім саласындағы барлық бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша Оқу-ағарту министрлігі бірқатар тежеуші факторларды анықтады. Бұл, өз кезегінде, ұсынылатын білім беру қызметтерінің, білім сапасының төмендеуіне және балалардың білім алу құқықтарының бұзылуына әкеледі. Нәтижесінде министрлік тарапынан әдістемелік ұсынымдар беріліп, барлық анықталған заңбұзушылықтарды жою бойынша жұмыс істелді. Жиынға республикалық кадр резервінің мүшелері – «Білім берудегі жаңа өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасының түлектері де қатысты. Сондай-ақ форумда Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы мектептерінің басшылары сөз сөйледі. Олар Оқу-ағарту министріне тікелей сауалдарын қойып, жауаптарын алды», делінген ақпаратта.

Мұндай форум еліміздің өзге өңірлерінде де ұйымдастырылмақ.