Жемқорлық • 16 Қаңтар, 2024

Еңбек мобильділігі орталығының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Шымкент қаласының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізе бастады, деп хабарлайды Egemen.kz

Еңбек мобильділігі орталығының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Фото: turkistanzaman.kz

«Ол «Бастау Бизнес 2023» ұлттық жобасы шеңберінде гранттардың нысаналы пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыру кезінде жалпы қамқорлығы үшін делдал арқылы 200 мың теңге сомасында пара алу бойынша күдікке ілінді», деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері. 

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.