Қоғам • 16 Қаңтар, 2024

«Бас Прокурорға хат жолдадық»: Бельгиялық асырап алған қазақ баласының оқиғасы күрделі

754 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бельгиялық азамат Қазақстанға келмей тұрып, Жәнібек Жұмағұловтың суреті мен жеке мәліметтерін электронды пошта арқылы алғанын және Арқалыққа келгенде бір кісіге қомақты қаржы бергенін мәлімдеген екен. Бұл туралы Жәнібектің заңды өкілі Қымбат Досжан айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бас Прокурорға хат жолдадық»: Бельгиялық асырап алған қазақ баласының оқиғасы күрделі

Фото: instagram.com/muratsaveliev/

Оның айтуынша оқиғаны зерттеу барысында 2000-2004 жылдар аралығында Арқалық қаласының балалар үйінен 80-нен астам баланы шетелдіктер асырап алғаны мәлім болған.

«Арқалық полиция басқармасында іс менің және асырап алушының арызы бойынша қозғалған, алайда қылмыстық құрамның болмауына орай қысқартылған. Салғырттық бабы бойынша ғана емес, кәмелетке толмағандардың саудасы бойынша қайта қозғауды сұрап, еліміздің Бас Прокурорына хат жолдадық», деді ол.

Сонымен қоса Қымбат Досжан Мәжіліс депутаты, Заңнамалық және құқықтық реформа комитетінің мүшесі Абзал Құспаннан заңгерлік кеңес алғандықтарын айтты. Депутат аталған маңызды мәселе бойынша бұдан әрі қарай да көмек беретінін жеткізіпті.