Қоғам • 17 Қаңтар, 2024

Арада 27 жыл өтті. Қазақстан халықаралық конвенцияға қосылды

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан халықаралық су ағындарын пайдалану туралы конвенцияға қосылды. Бүгін  Мәжілістің жалпы отырысында Халықаралық су ағындарын кеме жүрмейтін пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенцияны ратификациялады, деп хабарлайды Egemen.kz төменгі Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Арада 27 жыл өтті. Қазақстан халықаралық конвенцияға қосылды

Фото: egemen.kz

«Құжат 1997 жылғы 21 мамырда Нью-Йоркте жасалған. Конвенцияға сәйкес су ағыны мемлекеті өз аумағында халықаралық су ағынын пайдалану кезінде басқа мемлекеттерге айтарлықтай зиян келтіруді болғызбау үшін барлық тиісті шараны қабылдайды. Су ағыны мемлекеттері су ағыны, судың сапасы және тиісті болжамдар туралы оңай қолжетімді деректермен және ақпараттармен тұрақты негізде алмаса алады», делінген ақпаратта.

Конвенция аясында  су ағыны бойынша  мемлекеттер өзара  кеңесіп, халықаралық су ағынының жай-күйі үшін жоспарланатын шаралардың ықтимал салдары туралы келіссөздерді де жүзеге асыруға мүмкіндік туады.