Аймақтар • 17 Қаңтар, 2024

Қалың қар құрсауында қалған жүкті әйел құтқарылды

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары жүкті әйелді ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалың қар құрсауында қалған жүкті әйел құтқарылды

Фото: ШҚО ТЖД

Құтқарушыларға табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған Күршім ауданында, қалың қардың салдарынан жол жоқ Қайнарлы ауылында жүкті әйелді медициналық мекемеге шұғыл тасымалдау қажет екендігі туралы хабар келіп түсті.

ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары көмекке жол талғамайтын «Шерп» көлігімен шықты, олар қарда қалған кентке дейін 1,5 метрден асатын қардың орасан зор қалыңдығын еңсеріп, жолды жарып отырып жетті. Қиын жолды еңсеру үшін 7 сағаттан астам уақыт пен құтқарушылардың табандылығы қажет болды.

Нәтижесінде 2002 жылы туған жүкті әйел Марқакөл ауылында орналасқан ең жақын ауруханаға қауіпсіз жеткізілді.

«Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз», деп қосты ШҚО құтқарушылары.