Қоғам • 17 Қаңтар, 2024

«Жүктімін, кәмелетке толмаған балам бар». Прокурорлар мас жүргізушілердің айласын анықтады

783 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысының прокурорлары мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілердің айлалы әрекеттерін әшкереледі. Олар мас күйінде ұстау кезінде әкімшілік қамауға алынбау мақсатында жалған медициналық және басқа да құжаттар тапсырған, деп жазады Egemen.kz.

«Жүктімін, кәмелетке толмаған балам бар». Прокурорлар мас жүргізушілердің айласын анықтады

Фото: caspianlife.kz

Жетісу прокурорлары екі әйелдің сотқа жалған анықтама, жүктілігі туралы ультрадыбыстық қорытынды қағазын ұсынғанын анықтады.

Мұндай анықтамалар Кодекстің 50-бабына сәйкес тұлғаларды қамауға алу жағдайын тоқтатады.

Сондай-ақ аймақтағы аудан әкімдігінің бір бөлім басшысы да жалған анықтама ұсынғаны белгілі болды. Ол жауапкершіліктен жалтару мақсатында кәмелетке толмаған балам бар деп көрсеткен.  

Ал аудандық сот оны аталған анықтама негізінде қамаудан босатқан.

Прокуратураның тексеруі оның уәждерін жоққа шығарды. Ол берген деректерді тексергенде кәмелетке толмаған баласы болмағаны анықталды.

«Белгілі болған деректер негізінде сот актілері қайта қаралып, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Уәкілетті органдар ресми құжаттарды қолдан жасау фактілері бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады», деді Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаев.