Қоғам • 17 Қаңтар, 2024

«Жаза заңды күшіне енді»: Экс-вице-министр Нұржан Әлтаев 10 жылға сотталды

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы апелляциялық алқа экс-вице-министр Нұржан Әлтаевтың қатысы бар атышулы іске қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Жаза заңды күшіне енді»: Экс-вице-министр Нұржан Әлтаев 10 жылға сотталды

Фото: Азаттық рухы

Еске салайық, бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев бірнеше рет ірі көлемде пара алғаны үшін сотталды. Бірінші сатыдағы сот оны өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырумен 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Бүгін Астана сотының апелляциялық инстанциясы сот үкімін өзгеріссіз қалдырып, жазаның заңды түрде күшіне енгенін хабарлады.

Еске сала кетейік, Антикор қызметі Әлтаевты 2023 жылдың жылдың 7 маусымында аса ірі көлемде пара алғаны үшін ұстады. Кейін департамент тергеудің егжей-тегжейін жариялады. Тергеушілердің айтуынша, ол еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі ретінде «Атамекен» АЭС басшысынан 135 мың доллар көлемінде пара алған.