Оқиға • 18 Қаңтар, 2024

«Отбасында жанжал болған». Атырау облысында өзін-өзі өртеп жіберген ер адам көз жұмды

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында өзін-өзі өртеп жіберген ер адам жансақтау бөлімінде ес жимастан көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Отбасында жанжал болған». Атырау облысында өзін-өзі өртеп жіберген ер адам көз жұмды

Фото: Денсаулық сақтау басқармасы

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өзін өртемек болған ер кісі 17 қаңтар күні таңғы сағат 04:30-да облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жан тапсырды.

Осыдан екі күн бұрын дәрігерлер науқастың жағдайы өте ауыр және денесінің 81 процентін күйік шалғанын айтқан еді. 

Еске салайық, бұл оқиға 13 қаңтарда күндіз болған. Мақат аудандық полиция бөліміне 16:45 шамасында Доссор ауылының Б.Аймағамбетов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде ер азамат өзін өртеп жібергені туралы ақпарат түскен.

Мұндай қадамға ол отбасында болған дау-жанжалдан соң барған.