Қысқы спорт • 19 Қаңтар, 2024

Канвон-2024: Жерлестеріміздің жарыс жолына қашан шығатыны белгілі болды

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында 19 қаңтар - 1 ақпан аралығында Жасөспірімдер арасында  IV қысқы Олимпиада өтеді. Ел намысын қорғайтын спортшылар жеті спорт түрінің бесеуінде бақ сынайды. Жасөспірімдер құрамасының жарыс жолына шығатын кестесін Туризм және спорт министрлігі жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Канвон-2024: Жерлестеріміздің жарыс жолына қашан шығатыны белгілі болды

Фото: kaz.inform.kz

Жарыстың ашылу салтанаты бүгін Каннын қаласындағы «Gangneuung Oval» спорт кешенінде өтеді. Бұл спорт кешенінде конькимен жүгіру спортынан жарыстар өтеді.

Ел спортшылары мына кестеге сай сынға түседі:

АА

Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында 10 дисциплина бойынша 42 спортшымыз бақ сынайды. Сайыста 7 спорт түрінің 15 бағдарламасы бойынша 81 медаль сарапқа салынады. 

аа

оо

Жарыстың жабылу салтанаты 1 ақпан күні Каннындағы «Gangneung Olympic Park» спорт кешенінде өтеді деп жоспарланып отыр.