Қоғам • 21 Қаңтар, 2024

Мәскеуден олжамен оралды

116 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жуырда Петропавл қа­­­ласы өнерпаз өрен­де­рінің «Қарлығаш» хо­реографиялық ансамблі Ресей астанасын­да­ғы балалар мен жас­­өс­пі­рім­­дердің «Мос­ков­ское время» ат­ты ха­лық­­­аралық фес­­тиваліне қа­­тысып, бірін­ші орын алып келді.

Мәскеуден олжамен оралды

Конкурсқа барлығы 1,5 мыңдай үміткер қа­тысты. Фестиваль Мәскеудің «Кос­мос» қонақүйінің үл­кен кон­церттік залында өтті. Қа­зы­лар қатарында Ю.Гри­го­рович атындағы конкурстың «Хо­реограф» аталымы бойынша екі дүр­кін лауреаты, Н.Сац атын­дағы балалар музыкалық театрының қоюшы-режиссері Е.Барышникова, халықаралық деңгейдегі топ-педагогтердің бірі Д.Акименко сияқты бі­лікті мамандар болды.

Ресейдің барлық өңір­ле­рінен келген өнерпаз ұла­н­дар арасында «Қарлығаш» ансамблі Қазақстаннан жал­ғыз барып, «халықтың стиль­­дік биі» аталымы бойынша өнер көрсетті. Олар «Сұлу қыздар» және «Север­ные картинки» атты екі нөмір орындады.

Жеңімпаз жеткіншектерді поездан Петропавл қаласының әкімі С.Мұхамедиев бастаған ресми адамдар, ұстаздар мен туыстары қарсы алды. «Ба­лаларымыздың же­ңіске жеткеніне қуа­ныш­тымыз. Олар бүкіл Қазақ­станның атын шығарып, та­быс­пен оралып отыр. Біз олар­дың болашақта да үлкен биіктерден көрінуін тілейміз», деді әкім өзінің сөзінде.

Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Галина Жұма­лие­ваның қуанышы ерекше деу­ге болады. Ол тебіреніп тұрып өзінің сезімін былай жеткізді: «Шынын айтқанда біз қатты толқыдық. Ресейдің түкпір-түкпірінен келген хо­реграфиялық ұжымдардың дайындығы өте күшті екен. Бәрі де жалындап тұрған жас­­тар. Олардың арасында біздің ұжым барынша қарапайым болып көрінді. Бір­ақ сахнаға шыққанда шабыт­танып кетті. Өзіміздің ұлт­тық колоритімізді жарқыл­да­тып, қазақ өнерінің отын лаулатып жіберді. Оған кө­рер­мендер қатты риза болып, ұзақ уақыт қол соқты. Біз­дің биіміз фес­ти­вальдің жаңалығындай болды. Сондықтан да қазылар бірінші орын берді», деді ол.

«Қарлығаш» ансамблінің құрылғанына 50 жылдай уа­қыт болған. Ол бұған дейін де елі­міздің және әлемнің сан түрлі сахналарында өнер көр­сеткен. Балғын би­­шілердің қа­зіргі хореографы Виктория Ти­хонькова ұзақ жылдардан бері жұмыс істейді. «Біздің ансамбль не­гізінен халық билерін орын­дауға маманданған. Ре­пер­туарымызда қазақ, орыс және басқа да ұлттардың би­лері бар. Біз Мәскеуге бірін­ші рет бардық, ондағы маман­дар­дың еңбегімізді жоғары ба­ғалағанына қуаныштымын», деді ол. 

Қарсы алушылар өнер­паздарға түрлі сыйлықтар, дипломдар мен кубоктар тапсырды. Мәскеу фестивалінде оларға Туапсе қаласында болатын фестивальға шақыру берілген. Сонымен бірге ансамбль осы жазда Санкт-Пе­тербургте болатын фес­тиваль­ға қатысудан үмітті.

 

ПЕТРОПАВЛ