Саясат • 22 Қаңтар, 2024

Бауырлас елмен байланыс

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел осы елдің Милли Мәжілісінің төрайымы Сахиба Гафаровамен кездесті. Тараптар қазақ-әзербайжан қатынастарының даму динамикасын жан-жақты талқылады.

Бауырлас елмен байланыс

Атап айтқанда, сұхбаттасушылар екі бауырлас елдің парламентаралық ынтымақтастығын одан әрі нығай­ту­­дың, сондай-ақ ТүркПА сияқты көпжақты алаңдар шеңбе­ріндегі өзара іс-қи­мылдың маңыздылығын атап өтті.

Сұхбат барысында Сахиба Гафарова Мемлекет басшылары ара­сындағы сенімді диалогтің ма­ңыз­дылығына назар аударып, ең жоғары және жоғары деңгейдегі өзара сапарлар бауырластық қаты­нас­тарды одан әрі нығайтуға ықпал ететінін тілге тиек етті.

Парламент төрайымы екіжақты ынтымақ­тастықты дамытудағы Қа­зақстан дипөкілдігінің рөліне де назар аударды. Осы ретте С.Гафарова 2023 жылдың желтоқ­са­нында Әзер­бай­жанда өткен Қазақстанның мә­дениет күндерінің жоғары дең­гейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Өз кезегінде Әлім Байел Қазақ­стан мен Әзер­байжанның екі ел үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін үлкен маңызы бар бірқатар ірі эко­но­микалық жобаны іске асырып жат­қанын атап айтты. Сонымен қа­тар елші 7 ақпанға жос­парланған президенттік сайлау бауырлас Әзер­бай­жанның одан әрі дамуына негіз болады деген үмітін білдірді.

Тараптар парламентаралық ын­ты­мақтастықтың екіжақты қарым-қатынастардың маңызды өлше­мі екенін айтып, таяу болашаққа арналған бір­қатар нақты іс-шара мен бастаманы тал­қылады. Сұх­бат­тасушылар өңірлік күн тәрті­бін­дегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмас­ты.

Қазақстан дипломаты Әзер­бай­­жан Парламенті Халық­ара­лық қатынастар және пар­ламентаралық байланыстар ко­митетінің төрағасы Самед Сеидов­пен де кездесті. Тарап­тар өзара қызығу­шылық тудыратын бір­қатар мәселе бойынша пікір ал­масты.