Хоккей • 22 Қаңтар, 2024

Канвон-2024: Хоккейшілер қарсыластарын ірі есеппен жеңді

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Канвонда өтіп жатқан Жастар Олимпиадасында ел намысын қорғап жатқан жас хоккейшілер қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Канвон-2024: Хоккейшілер қарсыластарын ірі есеппен жеңді

Фото: Нұрғали Жұмағазы

Бүгін қазақтың жас хоккейшілері мұз айдынына шығып Тайбэйге қарсы өнер көрсетті. Ел спортшылары қарсыластарын 14:2 есебімен жеңді. 

Енді олар топтағы соңғы екі ойынды Испания мен Ұлыбританияның жас хоккейшілеріне қарсы өткізеді.