Қоғам • 23 Қаңтар, 2024

Алматыдағы жер сілкінісі: Республикалық жедел штабтың кезектен тыс отырысы өтті

366 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Дағдарыс жағдайларында басқару орталығында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың төрағалығымен жедел штабтың кезектен тыс отырысы өтті. Отырысқа азаматтық қорғау қызметтері, жедел штабтың жеке құрамы және аумақтық бөлімшелер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыдағы жер сілкінісі: Республикалық жедел штабтың кезектен тыс отырысы өтті

Фото: gov.kz

Жергілікті атқарушы органдармен және ТЖМ аумақтық бөлімшелерімен бейнеконференцбайланыс барысында ТЖ министрі «Қазселденқорғау» ММ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, жолдар мен көпірлер қызметі (ҚазАвтоЖол), химиялық қызмет, медициналық қызмет, көлік қызметі, байланыс қызметінің баяндамаларын тыңдады.

«Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалауына сәйкес жақын арада Алматы болжамдық полигонының аумағында MSK-64K сейсмикалық шкаласы бойынша қарқындылығы 7 балдан асатын жер сілкінісі күтілмейді.

Жедел штабтарда ұйымдастырылған жедел желі телефондарына азаматтардан 377 қоңырау келіп түскен.

«Қазселденқорғау» ММ ақпаратына сәйкес Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстары бойынша барлық бекеттер бақылау мен деректерді берудің жеделдетілген режиміне ауыстырылды. Бекеттердің жалпы саны - 76. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша жер сілкінісі селден қорғау құрылыстарына теріс әсер етпеген. Су режимінде ешқандай өзгеріс жоқ. Сырғымалар мен көшкіндердің жүруі туралы ақпарат түспеген. Тексерулер жалғасып жатыр.

Қарулы Күштердің күштері мен құралдары тұрақты орналасу пункттерінде тұр.

Көлік қызметі Алматы қаласының әуежайы штаттық режимде жұмыс істейтінін мәлімдеді. Қазіргі жағдайда кезекші ауысым күтпеген жағдайлар жоспарына сәйкес әрекет етті.

Қоғамдық тәртіпті сақтау қызметінің күштері мен құралдары қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.

Отырыс соңында ТЖ министрі тиісті азаматтық қорғау қызметтеріне бірқатар тапсырма берді.

Министрлік