Қоғам • 23 Қаңтар, 2024

Жер сілкінісі кезінде Алматы әуежайына ұшақ қона алмады

557 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жер сілкінісі кезінде Астана-Алматы бағытындағы Эйр Астананың КС-856 рейсінің ұшағы Түркістанның қосалқы аэродромына қонды, деп хабарлайды Egemen.kz Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісі кезінде Алматы әуежайына ұшақ қона алмады

Фото: tengrinews.kz

Алматыда болған жер дүмпуі әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесінің «мұнарасында» айтарлықтай сезілген. Аэродром ауданында қонуға бет алған 5 әуе кемесі болған, оның біреуі қонып үлгерген.

«4 әуе кемесіне жер сілкінісі туралы хабар беріліп, аэродром аймағында күту ұйымдастырылды. Кейінірек аэродромды басқару орталығының басшысы мұнарадан эвакуациялауға шешім қабылдады. Аэродромды басқару орталығында әуе қозғалысын басқару 20 минутқа жалғасты. Одан әрі жерасты дүмпулері тоқтаған соң, аэродромды басқару орталығы қайтадан жұмысын бастады», делінген хабарламада.

Қонуы тиіс 4 ұшақтың бірі − Астана-Алматы бағытындағы Эйр Астананың КС-856 рейсінің ұшағы Түркістанның қосалқы аэродромына қонған. Қалған үшеуі еш қиындықсыз Алматы әуежайына қонды.

«Сағат 00:39-дан бастап әуежай штаттық режімде жұмыс істей бастады. Қосалқы аэдромға аттанған КС-856 рейсі Түркістаннан сағат 02.32-де Алматыға қайта ұшып, 03.34-те сәтті қонды», делінген комитет мәліметінде.