Фото: globalnews.kz
Бірінші жер сілкінісі сағат 09:52-де тіркелді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым жерде, Қытай мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты − 11.5. MPV магнитудасы − 5.2. Алматыда 2 балл көлемінде сезілген.
Ал екіншісі таңғы сағат 10:01 шамасында Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 256 шақырым жерде, Қытай мен Қырғызстан шекарасында тіркелді. Энергетикалық санаты − 11.9. MPV магнитудасы − 5.3. Ол да 2 балл көлемінде сезілді.