Денсаулық • 23 Қаңтар, 2024

Екпе егу нәтижесінде қызылшамен сырқаттану деңгейі азайды

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар оң динамикаға әкеліп, өткен жылғы желтоқсанның ұқсас кезеңімен салыстырғанда осы айдың соңғы үш аптасында ел бойынша сырқаттану деңгейі 8%-ға төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екпе егу нәтижесінде қызылшамен сырқаттану деңгейі азайды

Фото: gov.kz

Қосымша жаппай иммундау шеңберінде 6-10 айлық балалардың 70%-дан астамы, сондай-ақ 2-4 жас аралығындағы балалар егілген, яғни бұл – миллионнан астам халықты құрайды.

1 жастағы балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы екпе егумен қамту 100,7%-ға дейін, ал 6 жастағы балаларды ДДҰ ұсынған 95,5%-дан кем емес деңгей кезінде 99,6%-ға жетті.

27 мыңнан астам бұрын егілмеген байланыста болған адамдардың ошақтарында шұғыл екпе егу жұмысы жүргізілді.

Бұрын екпе егуді өткізіп алған 18 жасқа дейінгі 178 мыңнан астам бала егілді.

«Жалпы, халықты жоспарлы екпе егумен, қосымша жаппай иммундаумен, репродуктивті R санымен, сондай-ақ тіркелген жағдайлардың санымен қамту көрсеткіштері бойынша елдегі қызылша бойынша жағдайдың тұрақтанғанын атап өтуге болады», делінген ведомство хабарламасында.