Қоғам • 23 Қаңтар, 2024

Тина Канделаки СІМ ресми өкілі Айбек Смадиярды Ресейге шақырды

867 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күні кеше Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияр Қазақстанда орыс тілінің қолдану аясы тарылып жатыр деп жазба жариялаған журналист Тина Канделакидің елімізге кіргізілмейтінін айтқан еді. Бүгін ресейлік журналист Айбек Смадиярды Мәскеуге шақырды, деп жазады Egemen.kz.

Тина Канделаки СІМ ресми өкілі Айбек Смадиярды Ресейге шақырды

Тина Канделаки. Фото: Антон Новодерёжкин, коллаж: egemen.kz

Ресейлік журналист екі ел арасындағы тарихи-мәдени байланысты айта келе сол елде есімі ардақталып жүрген қазақ тұлғаларының есімін тізіп шыққан.

«Ресей мен Қазақстанның естелік мозайкасынан таңғажайып әңгімелер мен ұлы есімдер туады. Ең бастысы - есте сақтау. Мен әлі де виртуалды қарым-қатынастарымызды бір-біріне жақын екі халықтың тарихына, мәдениетіне және киелі жерлеріне деген құрмет пен сүйіспеншілік негізінде құруды ұсынамын. Мен сізді виртуалды әлемде емес, шынайы қонақ ретінде күтемін», деп Тина Канделаки сөзін қорытындылады.

Екі арадағы тіл тартысына Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова да үн қосты.

«Тинаны да, Айбекті де жақсы білемін. Ондай кездесу болса, өте қызық, өзара сыйластыққа толы пікірталас болатынына сенемін. Бәрімізге мазмұны бай ортақ тарихымыздың үздік тұстарын сақтау бағытында жұмыс істеу керек. Бұл істі әдеппен, ретпен атқару керек», деді Мария Захарова.