Сауалнамаға қатысқан нарықтың кәсіби өкілдері, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар мен рейтингтік агенттіктерінің ішкі және әлемдік нарықтағы ахуалдың дамуына қатысты дербес пікірлері, бағалауларына шолу жасалды. Осылайша, 2024-2025 жылдар аралығында мұнай бағасы қалпында сақталып, медианалық күтулерде Brent маркалы мұнайдың бағасы орта есеппен барреліне 80 АҚШ долларын құрайтындығын, ел экономикасының өсіміне қатысты 2024-2025 жылдарға арналған болжамдар сәйкесінше, 4,5% және 5% деңгейінде сақталып, 2026 жылға ІЖӨ 4,2%-ға ұлғаятындығын айтады. Талдаушылар осы жылы инфляция болжамын 8%-дан 7,5%-ға дейін біршама жақсарғандығын, 2025 жылға қарай 6,9% болуы мүмкін деп отыр. Сонымен қатар биылғы жылға базалық мөлшерлеме 12%-дан 13,5%-ға дейінгі аралықта, 2025 жылы 10% деңгейінде сақталады деп болжайды.
Ал Қаржыгерлер қауымдастығы ұсынған мәліметтерге қарағанда, сарапшылардың төрттен үш бөлігі, яғни 94%-ы қаңтар айының 19 күні өткен монетарлық саясат отырысында базалық мөлшерлеменің төмендеуі ықтималдығын дәл болжаған. Сонымен қатар қауымдастық осы айдағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының кезекті сауалнамасын ұсынып, Brent маркалы мұнайдың құны, ресей рубліне қарсы АҚШ долларының құны, ұлттық валютаға қарсы АҚШ долларының құны, инфляция, ішкі жалпы өнім мен Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі бойынша ойларын зерделеген.
Мамандар ақша-несие шарттарын қалыпқа келтіру биылғы жылы елдегі және көптеген сауда серіктестеріндегі инфляциялық қысымның тұрақты төмендеуі аясында жалғасатындығын айтады. Елімізде қаржылық жағдайларды жақсартуда ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда, бюджеттік ынталандыруда және энергия ресурстарына берілген жоғары бағамен қатар экономиканың өсімін қолдайды. Қауымдастық бір жылдан кейін мұнай бағасының және ОПЕК+ шикізатын өндіруді одан әрі түзетуге және пайыздық мөлшерлеменің жаһандық төмендеуімен байланыстырып, валюта нарығы ақпан айының басында USD/KZT бағамы бір доллар үшін 457,4 теңге деңгейінде болады деп болжанып отыр. Бір жылдан кейін USD/KZT теңгелік активтердің төмендеуі (пайыздық мөлшерлемелер), импорттың өсуі (инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру) және сыртқы борыш бойынша ірі төлемдер (24-25 жылдары Қаржы министрлігінің еурооблигациялары бойынша төлемдер) аясында бір доллар 484,1 теңгеге дейін өсу ықтималдығын ескертеді.