Спорт • 25 Қаңтар, 2024

Жеке-дара көш бастады

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста «Ақжайық» Қазанда «Ак Барс-Динамо-2» командасымен екінші кездесуін өткізді.

Жеке-дара көш бастады

Бірінші таймда «Ақжайық» сапынан Максим Пахомов пен Нұрбол Бөкешов қарсылас қақпасына қос доп салып, есепті 4:1-ге жеткізді. Қазандық клубтан Егор Жуков жалғыз голмен жауап қатты.

Екінші кезеңде Николай Шавалдиннің шәкірттері қарқынды тіпті күшейте түсті. М.Пахомов тағы екі голды еншісіне жазса, команда капитаны Максим Өтебалиев те қақпаны дәл көздеп, бір голдың авторы атанды. Тағы бір ресейлік Артем Лапшин қарсылас қақпасына екі доп енгізді. Матч соңында қазандықтардан Даниил Пимяхин бір голмен жауап қатты. Осылайша, 9:2 есебімен қарсыласын тас-талқан етіп жеңген «Ақжайық» ұпай санын 30-ға жеткізіп, екінші топта жеке-дара көш бастады.

Батысқазақстандық клуб келесі ойны­н 26-27 қаңтарда Ульяновск қаласында «Вол­га-Черемшанмен» өткізеді. Осылайша, «Ақ­жайық» қатарынан алтыншы жеңісіне қол жеткізіп отыр.