Аймақтар • 25 Қаңтар, 2024

Жетісу облысында кәсіпорындардың біріне 2,3 млрд теңге айыппұл салынды

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысының прокурорлары коммуналдық қалдықтарды кәдеге жарату қызметін көрсететін кәсіпорынның міндетті төлемдерді төлеуден жалтару тәсілін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Жетісу облысында кәсіпорындардың біріне 2,3 млрд теңге айыппұл салынды

фото: inbusiness.kz

Ведомство мәліметінше, кәсіпорын 2020-2023 жылдар аралығында Талдықорған қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына қызмет көрсеткені анықталды.

«Кәсіпорынның осы кезеңдегі есебіне сәйкес, осы полигонда 24 мың тонна көлемінде ТҚҚ қабылданған. Кәсіпорынның есептерін талдау және өзара есеп айырысуларын салыстыру барысында 41 контрагент анықталды, олар полигонға 138 мың тоннадан астам ТҚҚ тасымалдаған. Бұл – кәсіпорынның ресми есептерінде көрсетілгеннен 114 мың тоннаға артық», делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Қадағалау актісіне сәйкес кәсіпорын ӘҚБтК-нің 328-бабының 1, 6-бөлігі бойынша қалдықтарды жинақтау және қоршаған ортаға эмиссиялар шығарындыларының лимиттерін асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Кәсіпорынға 2,3 млрд теңге мөлшерінде айыппұл салынды», делінген хабарламада.