Президент • 25 Қаңтар, 2024

Президент белгілі экономист, қоғам қайраткері Оразалы Сәбденді қабылдады

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Президент белгілі экономист, қоғам қайраткері Оразалы Сәбденді қабылдады

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Кездесуде еліміздің экономикалық даму перспективалары жан-жақты талқыланды. Бұл орайда ел экономикасын әртараптандыру, өндірістік әлеуетті арттыру, шағын және орта бизнес пен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне баса назар аударылды. Көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшін аталған салаларды цифрландыру айрықша маңызды.

Сонымен қатар әлеуметтік инновация арқылы халықтың тұрмыс сапасын жақсарту жолдары қарастырылды.

Президент былтыр Жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданғанын атап өтіп, мемлекеттің аталған салаларға баса мән беретінін айтты.

Мемлекет басшысы Ғылым академиясының жай-күйін әрдайым жіті назарында ұстайтынын жеткізді. Сондай-ақ білімді, әлемдік үрдісті жетік білетін жастарға қолдау көрсетіле беретініне назар аударды.

Өз кезегінде Оразалы Сәбден ғылым саласын дамытуға қатысты ұсыныстарымен бөлісті.