Фото: Inbusiness.kz
Полиция департаменті 29 жастағы Ж. есімді әйел күдікке ілінгенін хабарлады. Ол мессенджерлер арқылы жойқын зілзала болатынын жазып елді дүрліктірген.
Келіншек кінәлі деп танылса ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес, ірі мөлшерде айыппұл төлейді немесе үш жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Сондықтан барлық азаматтарға айтатыным, жалған ақпарат таратпаңыздар, таратуға себепкер болмаңыздар. Содан соң әр ақпаратты жіті зерделеп, тек ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенулеріңізді сұраймын», деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.