Оқиға • 29 Қаңтар, 2024

Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адамға іздеу жарияланды

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласы Майқұдық ауданында жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан ер адамның видеосы әлеуметтік желіде таралып, көпшіліктің наразылығын тудырған еді. Видеоға құзырлы органдар да назар аударып, істі ерекше бақылауға алды, деп жазады Egemen.kz.

Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан ер адамға іздеу жарияланды

Фото: видеодан скрин - ПАТРИОТ телеграм арнасы

Ауыр соққылардан соң жедел жәрдем жүргізушісінің бас миы шайқалып, мұрын сүйектері сынған, кеуде қуысы мен беттің жұмсақ тіндерін ауыртып алған. Жәбірленуші қазір ауруханада ем алып жатыр. Ал күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, 2-санаттағы іздеу жарияланды. 

Қарағанды ​​Жаңа-Майқұдық полиция бөлімінің қызметкерлері 1987 жылы туған Нұрболат Дәкебаевтың жүрген жері туралы мәлімет білетіндерді 102 немесе 8 (7212) 40 79 19 телефондарына хабарласуын сұрайды.

Жергілікті полиция қызметкерлері іздеу аясында оның суреттерін адам көп жүретін орындар мен бағана, сауда орындарына іліп қойған.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50