Технология • 30 Қаңтар, 2024

Илон Масктың компаниясы алғаш рет адам миына чипті сәтті қондырды

1752 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 қаңтар күні SpaceX және Tesla-ның негізін қалаушы кәсіпкер Илон Масктың тағы бір Neuralink нейротехнологиялық компаниясы алғаш рет адам миына имплант (чип) салды, деп жазады Egemen.kz.

Илон Масктың компаниясы алғаш рет адам миына чипті сәтті қондырды

Фото: pixabay.com

Бұл жаңалықты миллиардердің өзі Х (твиттер) парақшасында жариялады.

«Бірінші адамға Neuralink импланты салынды, операциядан кейін қалпына келу процесі жақсы жүріп жатыр», деп жазды Илон Маск.

Neuralink компаниясының алғашқы өнімі Telepathy деп аталады. Өнім смартфон мен компьютерді ой арқылы басқаруға мүмкіндік береді. 

Илон Маск ми импланты бірінші кезекте аяқ-қолынан айырылған адамдарға салынатынын атап өтті.

Миллиардер Neuralink жобасының негізін 2016 жылдың шілдесінде қалады. Жобаның негізгі міндеті − адам миына имплантацияланатын чиптер әзірлеу. Оның сөзінше мұндай нейрондық интерфейстер адамзатты жасанды интеллектіге қарсы тұруға және технологияны ой күшімен басқаруға қабілетті етеді.

Айта кетейік, Масктың компаниясы өткен жылдың наурыз айында нейрондық чипті миына ерікті түрде салдыратын адамдарды іздеуді бастаған еді.