Спорт • 30 Қаңтар, 2024

Канвон-2024: астаналық кёрлинг шеберлері алғашқы жеңісіне қол жеткізді

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында елордалық спортшылар алғашқы қарсыласын жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Канвон-2024: астаналық кёрлинг шеберлері алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Керлингтен қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында бірінші рет өнер көрсеткен жерлестеріміз топтық кезеңде ірі жеңіске қол жеткізді.

Аралас жұптық бәсекеде өнер көрсеткен әпкелі-інілі Мерей мен Ибрагим Тастемірлер Италия елінің спортшыларын айқын басымдықпен ұтты. Есеп: 10:2.

Енді ертең Астана уақыты бойынша 09:30-да құрамамыз шешуші ойынды Данияға қарсы өткізеді.

IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы 1 ақпан күні мәресіне жетеді.

Соңғы жаңалықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58