Фото: kazsports.kz
25 метрден тапаншамен жылдам нысана көздеу сайысында Н.Чирюкиннің алдын тек Оңтүстік Корея спортшысы Сон Жун Хо орап кетті. Ол 37 ұпай алса, Никита 31 ұпаймен күміс медальді қанағат тұтты. Әлем кубогінің қола медалі Германия мергені Флориан Петерге (27 ұпай) бұйырды.
Ұлттық құрамадағы мергендеріміз Мысырда өтіп жатқан Әлем кубогінен 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленді. Рейтингтік ұпай берілетін Әлем кубогінде 66 мемлекеттен келген 678 спортшы 10 медаль жиынтығы үшін додаға түсіп жатыр.