Спорт • 05 Ақпан, 2024

Тарихи жеңіс. Қазақстан спортшылары синхронды жүзуден әлем чемпионы атанды

479 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Катар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Тарихи жеңіс. Қазақстан спортшылары синхронды жүзуден әлем чемпионы атанды

Фото: ҰОК

Синхронды жүзуден аралас жұптық сында өнер көрсеткен ел спортшылары Эдуард Ким мен Наргиза Болатова әлем чемпионы атанды. Жұптық сайыста 228.0050 ұпай жинап, алтын жүлдегер болды.

Күміс медальді Қытай құрамасы, қоланы Мексика командасы иеленді.

Айта кетейік, Қазақстан тарихында су спорты түрлерінен әлем чемпионатының алтын медалі болмаған. Бұған дейін Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық ұланы 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Эдуард Ким жекелей сында қола жүлде жеңіп алған еді. 

аа