Қоғам • 05 Ақпан, 2024

Астана мемлекеттік қызмет хабы мен Жоғары Сот Кеңесі меморандумға қол қойды

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана мемлекеттік қызмет хабы мен Жоғары Сот Кеңесі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитет төрағасы Әлихан Байменов пен Жоғары Сот Кеңесі төрағасы Денис Шипптің кездесуі аясында тараптар келісімге келді. Екі жақ судья кадрларын іріктеу процестерін жетілдіру, олардың әлеуетін арттыру және осы саладағы үздік халықаралық тәжірибемен танысу мәселелерінде ынтымақтастасуға уағдаласты.

Астана мемлекеттік қызмет хабы мен Жоғары Сот Кеңесі меморандумға қол қойды

Фото: Ашық дереккөз

Денис Шипп өз сөзінде мемлекеттік қызмет саласында кеңінен қолданылатын әдістер мен құралдар судьяларды іріктеу кезінде де пайдаланылатынын атап өтті. Сондай-ақ ол Кеңестің функциялары мен міндеттеріне тоқтала отырып, судьяларды конкурс арқылы іріктеу, олардың тәуелсіздігі мен дербес құқығын күшейтумен бірге тәртіптік жауапкершілік тетіктерін де жетілдіру мәселелеріне назар аудартты.

Алихан Байменов өз кезегінде Хаб пен Жоғарғы Сот Кеңесі арасындағы әріптестіктің маңыздылығына ерекше тоқталды. Өйткені, оның айтуынша, сот жүйесі мен әділ сот төрелігін іске асыруға деген сенім судьялар корпусын іріктеу сапасына тікелей байланысты. Сондықтан Хаб судья кадрларын іріктеу мәселелерінде сараптама-талдау жағынан қолдау көрсетуін одан әрі жалғастырмақ.

2021 жылдың қыркүйегінен Хаб пен Жоғарғы Сот Кеңесі әріптестігі ауқымында судьяларды іріктеу құралдарын жетілдіру, цифрландыруды енгізу, судьяларды іріктеу жүйесіне қоғамдық сенімді анықтау бойынша жобалар жүзеге асты.

Әлемнің 43 елінен тұратын Астана мемлекеттік қызмет хабы дүние жүзіндегі мемлекеттік қызметті реформалау бойынша білімі мен сараптау қауқары зор 90-нан астам институционалдық серіктеспен әріптестік орнатқан.