Қоғам • 05 Ақпан, 2024

Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдікті жазасыз қалмайды - ІІМ

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласында жедел жәрдем жүргізушісін соққыға шыққан күдікті Нұрболат Дәкебаев жазасыз қалмай жауапқа тартылады. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінде өткен жиынында айтты, деп жазады Egemen.kz.

Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған күдікті жазасыз қалмайды - ІІМ

Фото: видеодан скрин

«Аталған оқиға бойынша іс қозғалды. Осы бап арқылы ол әкімшілік тіпті, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін, яғни бас бостандығынан айырылуы ықтимал», деді Игорь Лепеха. 

Еске салайық, 27 қаңтарда әлеуметтік желіде жедел жәрдем жүргізушісі соққыға жығылғаны бейнеленген видео тарап кетті.

Оқиғадан соң күдікті бой тасалап, 1 ақпан күні қолға түсті.

Қазір Дәкебаев уақытша ұстау изоляторында отыр.

Жедел жәрдем жүргізушісі оны кешіргенін айтты, десе де құзырлы органдар күдікті жазасыз қалмайтынын хабарлады.