Үкімет • 06 Ақпан, 2024

Смайылов басқарған Үкімет неге отставкаға кетті? Президент нақты жауап берді

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің жалпы отырысында Әлихан Смайылов бастаған Үкіметтің отставкасын қандай себептерге байланысты қабылдағанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Смайылов басқарған Үкімет неге отставкаға кетті? Президент нақты жауап берді

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Мәжілістің жалпы отырысында сөз сөйлеген Президент Үкімет жаңа, маңызды рөл атқарып, тез шешім қабылдап, тиімді қадамдар жасауы керек екенін тілге тиек етті. 

«Халқымыздың игілігі үшін экономиканы ынталандыру және әртараптандыру үшін батыл, нақты шешімдер қабылдануы тиіс. Жаңа шындыққа бейімделу керек. Біз жаңа сын-қатерлерге қарсы тұра білуіміз керек, бұған Үкімет те дайын болуы шарт. Үкімет қызметіне жаңа серпін беру маңызды, мұны жұртшылық та күтіп отырған еді. Осыған байланысты мен Әлихан Смайыловтың отставкаға кетуін қабылдадым. Оның басшылығындағы Үкімет барлық салада тұрақтылықты қамтамасыз етті», деп түсіндірді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, 2024 жылдың 5 ақпанында Мемлекет басшысы Үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойған еді.