Qostanai ІТ Hub-та стартап-жобалар мен IT-компанияларға арналған білім беру бағдарламалары, сондай-ақ түрлі инкубациялық бағдарламалар, хакатондар мен өзге де жаңашыл технологиялық ізденістерге із ашатын іс-шаралар жүзеге асырылады.
Жуырда Үкімет басшылығының өңірге жұмыс сапары кезінде А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті жанындағы Qostanai ІТ Hub орталығына өңірдің шығармашыл жастары жиі келеді. Жалпы, республикада цифрлық инфрақұрылымды дамыту бойынша белсенді жұмыс жалғасып жатыр. Мәселен, кейінгі 1,5 жыл ішінде 12 өңірлік IT-хаб ашылған. Биыл тағы 7-еуін іске қосу жоспарланып отыр.
– Бізде дарынды жастар жетерлік. Мұндай IT хабтар талантты жастарымыз үшін тартымды орталыққа айналмақ. Мұнда инновациялық технологиялар саласында өзін-өзі жетілдіруге және білім алуға жағдай жасалған. Нәтижесінде, жаңа әзірлемелер мен тиімді жобалар пайда болады. Мұндай мүмкіндіктер мен қолдау шаралары барлық өңірдегі жастарда болуы маңызды, – деген еді бұрынғы премьер-министр.
Қостанай облысы