Оқиға • Бүгін, 13:01

Батыс Қазақстанда ағайынды екі жігіт заңсыз есірткі өсірген

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында полицейлер құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге арналған жасырын фитозертхананың қызметін анықтады. Күдікке ілінген екі жігіт ағайынды болып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс Қазақстанда ағайынды екі жігіт заңсыз есірткі өсірген

Фото: Polisia.kz

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ақпан айында Орал қаласында қарасора тұқымдас өсімдіктерді заңсыз өсірді деген күдікпен екі азамат ұсталған. Тексеру кезінде олардың бірінің жеке үйінен желдету жүйесі мен жарықдиодты шамдармен жабдықталған, қарасора өсіруге бейімделген жасырын жертөле табылды.

Астанада жалдамалы пәтерлерде есірткі сақтаған күдікті ұсталды

Polisia.kz-тің мәлімдеуінше, оқиға орнынан 7 түп өсімдік, буып-түйілген өсімдік тектес заттар, арнайы құрал-жабдықтар және 14 миллион теңгеден астам ақша тәркіленді.

Ал екінші күдіктінің пәтерінен арнайы жабдықталған екі жылыжай-шатыр анықталып, одан 22 түп қарасора, түрлі пакеттер мен ыдыстарға салынған өсімдік тектес заттар және қажетті құралдар алынған.

Сонымен қатар, олардың ата-анасының пәтерінің балконының астынан өсімдік тектес зат салынған 560 сіріңке қорабы бар қап табылды. Алдын ала есеп бойынша, оның құны шамамен 13 миллион теңгені құрайды.

Жалпы алғанда, тәркіленген есірткі заттарының салмағы шамамен 18-20 келіге жеткен.

Алматы әуежайында 11 келі есірткімен шетелдік ұсталды: Ол өмір бойына сотталуы мүмкін

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал екіншісіне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Өзге мәліметтер Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар