Аймақтар • 07 Ақпан, 2024

Ақтүтек боранда қалып қойғандарға нан 1300 теңгеден сатылған

1429 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында ақтүтек боранда қалып қойған көлік жүргізушілері 1300 теңгеге нан сатып алуға мәжбүр болды. Бағасын қымбаттатып пайда таппақ болған алыпсатарларға шағым түсірген тұрғындар ауыл әкімінің келуін талап етіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтүтек боранда қалып қойғандарға нан 1300 теңгеден сатылған

Фото: osken-onir.kz

КТК арнасы хабарлағандай, Самара - Шымкент тас жолының Хромтау қаласы мен Қобда ауылына дейінгі аумағында жүзге жуық көлік кептелісте тұр.

Ақтүтек боранда қалып қойған жүргізушілердің шарасыздығын пайдаланған алыпсатарлар бір бөлке нанды 1300 теңгеден сатқан. Аудан басшылары қымбат нанның саудагерлерін сол күйі анықтай алмады.

Жол бойындағы дәмханалар мен демалыс орындарының иелері нан бағасын 160-185 теңгеден асырмағанын айтып отыр, бұны жүргізушілер де растаған.