Фото: gov.kz
Әкімдіктің ресми сайты мәлім еткендей, отырыста ауа райы қолайсыздығы салдарынан туындаған мәселелерді шешу жолдары талқыланды.
Қазіргі уақытта облыс аумағында қатты желдің беті қайтпай тұр. Жиын қорытындысы бойынша күрделі жағдай байқалып отырған Хромтау және Әйтеке би аудандарында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды. Екі аудан әкімдіктері тиісті құжаттарды әзірлеп, жария етуі тиіс.