Жұмыс аясында отандық мамандар Қазақстанның жол саласының нормативтік базасын жетілдіру және оңтайландыру, жаңа технологияларды енгізу, жол құрылысын цифрландыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәжірибесімен бөліседі.
Өткен жылы Президенттің тапсырмасына сәйкес жол саласының нормативтік-техникалық базасын реформалау және оңтайландыру жұмыстары бастау алған болатын. Ол жұмысты Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институты (ҚазжолҒЗИ) жүзеге асырып жатқаны мәлім.
Париждегі алаң біздің мамандар мен ғалымдар үшін бірегей болып табылады. Себебі ол әлемнің 125 елінен жол саласының жетекші мамандарын жинап отыр. Бұл біздің ғалымдарымызға салалық нормативтік құжаттаманы өзектендіруде, жолдарды күтіп ұстауда және салуда әлемдік тәжірибе мен нормативтік құжаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.