Рафаэль Идиятуллин мың ойланбай, қандай банкке баратынын бірден шешті, ол – ҚАЗКОМ.
Егер “Маринский” наны қажет болса, “Нан даласына” бару керектігін павлодардағылардың барлығы біледі. Онда мейіз бен бал қосылған “Маринский” наны ғана емес, дәмді нанның 18 түрі бар. “Немецкий”, “Прииртышский”, “Отрубной” нандары, сондай-ақ “Литовский” және “Студенческий”, “Хала”, “Багет” батондары үлкен сұранысқа ие. Тұрғындар бұл жердің наны дәмді, хош иісті әрі сапалы болғандықтан жақсы көреді. Күн сайын “Нан даласы” павлодарлықтарға 8 000-11 000 дана нан жібереді екен. Ал тұрғындар енді келесі нанға, саны бойынша нанның жиырмасыншы сұрыбына, қандай атау берілетінін ойлап отырған сияқты.
Рафаэль Идиятуллин наубайхана ісін жеті жыл бұрын бастады, ол кезде оның жасы небары 22-де болатын. Бар болғаны 7 000 АҚШ долларына ол құрал-жабдығы бар кіп-кішкентай наубайхана сатып алған еді. Осылай ЖШС-ның құрылтайшысы да, иесі де, директоры да бір өзі болды. Рафаэль Идиятуллин Қазақстан бойынша ұн сату арқылы бастапқы капиталын жинаған болатын. Бастапқыда наубайхана өнімнің 4 түрін ғана шығаратын: “Немецкий” және “Прииртышский”, сондай-ақ бауырсақ пен “косички” деп аталатын нан пісіретін. Өйткені өндіріс қуаты нанның одан да көп түрін және мөлшерін шығаруға мүмкіндік бермеді. Алайда өнімге сұраныс болғандықтан Рафаэль Идиятуллин ҚАЗКОМ-нан несие алып, қосымша өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алды, соның арқасында өндіріс қуатын арттырып, өнім түрлерін көбейтті. Нан толығымен сатылатынына Рафаэль сенімді. Өйткені “Нан даласы” алдын ала берілген өтініштер бойынша жұмыс істейді. Яғни қанша тапсырыс болса, сонша нан пісіріледі.
– Нан рыногында ойыншылар көп, сондықтан бәсекелестік те жоғары. Алайда Рафаэль Идиятуллин бизнесті сауатты жүргізгендіктен, бәсекелестікке дайын екенін көрсетуде, – деп ойын білдірді “Қазкоммерцбанк” АҚ Павлодар филиалының директоры Берік Шапатов. – Бұл бизнестің бәсекелестікті көтере алатындай бірнеше фактор бар. Біріншіден, әрдайым тұрақты клиенттердің болуы. Бүгінгі күні “Нан даласының” өнімдерін Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларындағы 300 жуық сауда орны сатып алады. Сондай-ақ компания өзінің тұрақты клиенттеріне әртүрлі жеңілдіктер беріп тұрады. Мәселен, тұрақты клиенттер сата алмаған немесе тұрып қалған нанды жаңа піскен нанға айырбастай алады. Тек айырбасталатын нанның сомасы күніне 6 000 теңгеден аспау керек. “Нан даласының” негізгі бәсекелесі – Павлодардағы ірі нан-тоқаш комбинаты. Алайда нанның кейбір түрлеріне ғана бәсекелестік бар. Нан түрлері бойынша, рынокқа нанның жаңа сұрыптарын шығару бойынша “Нан даласы” өз бәсекелестерінен озық келеді. Мәселен, компания асқазаны ауыратын адамдарға арнайы ашытқы қосылмаған “Литовский” батонын немесе дәмді “Маринский” нанын ұсынады. Сондай-ақ ескеретін тағы бір жайт, нан өнімдерінің бәріне стикер жапсырылады, онда нанның кім, қашан және қай жерде пісіргені туралы ақпарат жазылған. Нан туралы ақпарат жасырылмағандықтан, оған сенім үлкен, ал өндірушінің жауапкершілігі жоғары болады.
ҚАЗКОМ өз қарызгерінің жұмысын саралай келе, Рафаэльдің бизнесті сауатты жүргізіп отырғанын айтуда. Бірінші кезекте, шикізатты ұйымдастырылған жолмен сатып алуы. Шикізатты жеткізушілер – сенімді әрі уақытпен тексерілген әріптестер. Ұннан бастап мейізге дейін өнімдердің барлығының сапасы жоғары. Шикізатты жеткізу жағынан бәрі жинақы, бәрі ұйымдастырылған. Өнімді Павлодарға, Ақсу және Екібастұз қалаларына жеткізу де реттелген. Рафаэль Идиятуллиннің өз серіктестері жайлы пікірі жақсы. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, бірігіп істеген жұмыс бизнеске табыс алып келеді. Сенімді серіктес ретінде Идиятуллин Қазкоммерцбанкті де айтады, банкпен ол 2004 жылдан бері жұмыс істеуде.
– Бізге кішігірім нан цехын электр энергиямен қамтамасыз ету үшін қосалқы электр стансасын сатып алуға 2000 доллар несие алу керек болды, – деп есіне алады Рафаэль. Біз бизнесімізді енді бастаған шағымыз, алайда банк бізге сеніп несие берді. Біз қарызды өтедік. Сосын бізге одан да ірі сома – 15 000 доллар қажет болды. Біз өндірісімізді кеңейтіп, нан пісіру үшін екінші цех сатып алғымыз келді. Сатып алдық, өндірісті іске қосып, несиені өтедік. Ал 2006 жылы біз импорттық құрал-жабдығы бар цех сатып алуға бел будық. ҚАЗКОМ қомақты несие – 200 000 доллар берді. Бүгінгі таңда біздің өндіріс орнымыз заманға сай жабдықталған, соның арқасында біздің өнімдеріміздің түрлері көбейе түсті.
Рафаэль Идиятуллин мың ойланбай, қандай банкке баратынын бірден шешті, ол – ҚАЗКОМ.
– Банктің өз бизнесмен клиенттеріне ұсынатын шарттары біздің көңілімізден шығады, – дейді ол. – Сондай-ақ ҚАЗКОМ-ның қызмет көрсетуі жақсы, сервисі тамаша. Банк менеджерлерінің қаржы сұрақтары бойынша бізге сауатты және уақтылы кеңес беретіні бізге ұнайды. Барлық кредиттерімізді, соның ішінде соңғысын да, біз ешбір қиындықсыз әрі жылдам алдық. Өйткені компаниямыздың құжаттары дұрыс әрі бизнесіміз ашық. Кредиттің басқа қызметтері бойынша да қиындықтар болған жоқ. Ал 2009 жылы біз несиемізді “Даму” қорының бағдарламасы бойынша 8%-ға қайта қаржыландырдық, енді кредитті өтеу жеңілдей түсті. Тамаша қызметі үшін ҚАЗКОМ-ға рахмет. Кәсіпкерлерді қолдаған мемлекетке рахмет. Бұл көмек уақтылы, шапшаң жетті және сауатты жасалды. Осының арқасында көптеген кәсіпорындар дағдарысты жеңіп, өз бизнестерін жалғастыруда.
Динара ҮСІПОВА.