oqu_agartu
Былтыр 137,8 мың балаға арналған 165 мектеп ашылған. Осылайша былтыр апаттық жағдайдағы 12 мектептің, үш ауысыммен оқытатын 29 білім ошағының және 113 елді мекендегі оқушы орындарының тапшылығын азайтуға серпін берді.
Биыл 530 мыңнан астам баланы қамтитын 300 мектеп салу жоспарланып отыр. 2025 жылға дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 740 мың орындық 363 мектеп бой көтермек. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен былтыр 62 жобаға қаржы бөлінсе, биыл 20 жоба жүзеге асырылмақ.