Елорда • 13 Ақпан, 2024

Астанада жауған қар мөлшері айлық нормадан асып түсті

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» синоптиктерінің ақпараты бойынша, елордада 1-12 ақпан аралығында 22 мм-ден астам қар түсті, бұл айлық нормадан 5 мм-ге артық, деп жазады Egemen.kz.

Астанада жауған қар мөлшері айлық нормадан асып түсті

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Осы орайда Астана әкімдігі қаланың коммуналдық қызметтері 1,1 млн текше метрден астам қар шығарғанын хабарлады.

Бас қалада бірнеше күн бойы қалың қар жауып, боран соқты. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолдар мен тротуарлар мұзға айналды. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жүр, дәлірек айтқанда қар күреп, жолдар мен тротуарларды мұздан тазартып жатыр.

Мәселен, өткен түнде коммуналдық қызметтер елордадан 38 мың текше метр, яғни 2,7 мыңнан астам ауыр жүк көлігіне тең қар шығарды.

Таңертең қала бойынша қар тазалау жұмысына 2,4 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1,5 мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Жалпы қыс мезгілі басталғаннан бері қала сыртындағы қар полигондарына 325,7 мың рейс арқылы 4,4 млн текше метрден астам қар шығарылды.

пр