Басылым • 13 Ақпан, 2024

Танымал баспадан шыққан еңбек

151 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­вер­­си­теті ғалымдарының «Beginning C++ Compilers. An Introductory Guide to Microsoft C/C++ and MinGW Compiler» («C++ компилято­ры­­на кіріспе») атты кітабы әлемге танымал «Sprin­ger» баспасы­нан ағылшын тілінде жарық көрді.

Танымал баспадан шыққан еңбек

Айтулы бас­­­­па­дан шық­­­қан кітап автор­­­­ла­ры – мате­ма­ти­­ка және ком­­­­­­­пь­ю­­терлік мо­­­дель­деу ка­фе­­­­д­­­­­ра­­сының аға­­ оқы­­­ту­шы­­сы­ Бе­рік Тө­ле­уов­­ пен ақпа­рат­­тық қа­уіп­­сіздік жүйе­ле­рі кафедрасы доцентінің мін­­­детін ат­қа­­­ру­шы Әде­мі­ Ос­па­нова. Олардың бұл еңбегінде әлем­дік­­ техникалық әдебиет­тер­де бұған дейін ай­тыл­маған тың мәліметтер кел­ті­рілген. Жаңа басылым Windows жүйесінде C/C++ ком­пиляторларын жылдам және тиімді орнату жолдарын сипаттайды.

«C/C++ компиляторларын орнату әдетте көп уақытты алады, өйткені адамдардың басым көпшілігі Microsoft Visual Studio бағдарламасын пайдаланады. Visual Studio бағдарламасын орнату әдетте шамамен 40 ГБ дискілік кеңістікті және көп жедел жадты қажет етеді. Сондықтан оны өнімділігі төмен деңгейлі жабдықта іске қосу мүмкін емес. Енді біз Microsoft C/C++ компиляторын қолданудың қарапайым әдісін ұсынамыз. Оның барысында дискілік кеңістікпен мәселе туындамайды немесе аппараттық ресурс­тардың жетіспеушілігі орын алмайтын. Бұл әдіс уақытты айтарлықтай үнемдейді, өйткені бағдарламалық жасақтаманы, тіпті флэш-дискілер сияқты алынбалы құрылғыларда оңай және портативті түрде орналастыруға болады», дейді Берік Төлеуов.

Бұл жинақ C++ тілін меңгеруге уақытын үнем­­­дейтін және бағдарламалық жасақ­та­маны орнатумен танысуға қызығатын барлық пайда­ла­ну­­шыға арналған. Қазір кітапты оқытушылар мен сту­дент­тер де пайдаланады.

Айта кетейік, «Springer» – жаратылыстану ғылы­мы­ бағытында академиялық журнал мен кітап шы­ға­ру­ға­ маманданған халықаралық баспа компаниясы. Қа­зір­ компанияда әлем бойын­ша
2 900 журнал мен 300 000 кітап бар.