Тараптар 2022-2027 жылдарға арналған Қазақстан, Әзербайжан және Түркия аумақтары бойынша «тар» орындарды синхронды жою және орта дәлізді дамыту бойынша қол қойылған Жол картасын жүзеге асыру шеңберінде атқарылатын жұмыстарды тағы бір рет пысықтады.
«2023 жылы Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы ауыстырып тиеу көлемі 65%-ға артып, 2,76 млн тонна жүкті құрады. «Тар» орындарды синхронды жою және Транскаспий халықаралық көлік маршрутын дамыту бойынша Жол картасын іске асыру шеңберінде дәліздің қуатын кеңейту аясында екі тарап та белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Жол картасын өзектендіру бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді», деді Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тілепов.