Аймақтар • 16 Ақпан, 2024

«Сіздің күлкіңіз әдемі». Полицейлер жол апатының алдын алатын ерекше тәсіл қолданды (видео)

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Ордабасы ауданының полицейлері жол апатының алдын алу, жол жүру қағидатын сақтау мақсатында ерекше акция өткізді. Полицейлер қолданған бұл тәсіл жергілікті тұрғындарды таң қалдырды, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Сіздің күлкіңіз әдемі». Полицейлер жол апатының алдын алатын ерекше тәсіл қолданды (видео)

Фото: Polisia.kz

Ордабасылық полицейлер көлік жүргізушілерін жолда мұқият болуға шақырып қана қоймай, оларға жылы сөздер жазылған арнайы карточкалар ұсынды. 

«Сіз жақсы жүргізушісіз», «Сіздің күлкіңіз әдемі», «Сіз өте әдемісіз», «Сіз жол ережесін қатаң сақтайтын жансыз». Тәртіп сақшылары жүгінген мұндай әдіс жүргізушілердің назарын аударып, айрықша әсер сыйлады.

«Бірлескен күш-жігермен ғана біз жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін жолды қауіпсіз ете аламыз. Кішкентай қателіктің өзі қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Әрбір жүргізуші мен жаяу жүргінші жолдың әрдайым қауіп-қатермен байланысты екенін түсініп, мұқият әрі жауапты болуы қажет», делінген Ордабасы аудандық полиция бөлімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.