Фото: gov.kz
«Елге жеткізілген шетел азаматы 2020 жылдың шілдесі мен тамызы аралығында трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында Қазақстаннан 24 келіден астам алтынды контрабандалық жолмен әкетуге қатысқан. Нәтижесінде мемлекетке 633 миллион теңгеден астам шығын келтірілген. Қылмыс жасағаннан кейін қатысушылар тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. 2023 жылдың шілдесінде күдікті Әзербайжан аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, 8 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады», деп жазылған ақпаратта.
Еске салайық, 2022 жылы Астана қаласының соты аталған трансұлттық ұйымдасқан топтың қызметіне қатысы бар 14 адамға түрлі жаза кесіп, сотталушылардан мемлекет пайдасына 5 миллиард теңгеге жуық ақша өндіріп алған еді.