Айбын • 19 Ақпан, 2024

Гарнизондар қызметі тексерілді

114 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов өңірлердегі әскери инфрақұрылым нысандарын және алдағы оқу-жаттығуларға дайындық барысын тексерді.

Гарнизондар қызметі тексерілді

Қонаев гарнизонының «Жа­ғалау» полигонында Қорғаныс министрі Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының баяндамасын тыңдады. Генерал-майор Алмаз Жұмакеев ҰҚШҰ-ның «Мыз­ғымас бауырластық – 2024» ұжымдық бітімгерлік күштері­­мен өтетін оқу-жаттығуға дайын­­дық барысы туралы баяндады. Армия авиациясының тікұшағымен «Шошқалы» полигонын айналып ұшып өтті.

Министр 65229 әскери бөлі­міне барып, әскери нысандарды аралап, Әуе шабуылына қар­сы қорғаныс әскерлерінің авиа­циялық техникасы мен қару-жа­ра­ғын қолдану шарттарымен танысты.

пр

Қарулы күштері Мемле­кет­тік әскери-тарихи музейінің филиалында Қорғаныс министрі нысанның аумағын ұлғайту және экспозициялық залдарды жаңарту мақсатында жүргізіліп жатқан жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді. Музей бастығы Алуа Бай­қадамовамен кездесуде гене­рал-полковник Руслан Жақсы­лықов жұмыстарды сапалы және уақтылы орындау қажеттігіне назар аударды.

Сапар аясында сала басшысы Қорғаныс министрлігінің Бі­тім­­герлік операциялар орта­лы­ғы­на да ат басып бұрып, инфра­құ­рылымдық нысандарды ара­лап, ұлттық контингентті БҰҰ-ның Голан жоталарындағы бітім­гер­лік мис­сиясына жіберуге қатыс­­ты бір­қатар нұсқау берді.

Алматы қаласындағы Орта­лық әскери емханаға барған кезде қорғаныс ведомствосының бас­шысы мекеменің емдеу-диагнос­тика­лық жабдықтармен, тиісті құрал­дармен және дәрілік заттар­мен қамтамасыз етілу ба­ры­сы­мен танысты. Министр бекі­­тілген контингентке сапалы амбу­латор­лық-емханалық және консуль­тация­лық-диагностикалық көмек көрсету қажеттігін атап өтті.

Қорғаныс министрі, гене­рал-полковник Руслан Жақсы­лы­қов Шымкент қаласына бар­ған сапарында авиация база­сында «Оңтүстік» өңірлік қол­бас­шылығы әскерлерінің қол­басшысы, генерал-майор Қуа­ныш­бек Үштаевтың құрамалар мен әскери бөлімдердің жауын­гер­лік және жұмылдыру дайындығы туралы баяндамасын тыңдады.

Сонымен бірге Шымкент қа­ла­сының әкімі Ғабит Сыздық­бековпен кездесіп, әскери инфра­құрылым нысандарын салу, оларды жөндеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Шымкент гарнизонының 36814 әскери бөлімінде гене­рал-полковник Руслан Жақ­сы­­лықов командирдің бөлім­ше­лердің мақсаттары, жауынгерлік мүмкіндіктері мен жасақталуы туралы баяндамасын тыңдады. Қорғаныс министрі жауынгерлік даярлықтың сапасын арттыруға, бөлімнің қару-жарақпен және әскери техникамен жарақ­тан­дырылуына баса назар аударды. Бұның бәрі әскери қызметшілердің моральдық-жауынгерлік рухына байланысты екенін атап өтті.

Бұған қоса қорғаныс сала­сының басшысы әскери бөлім­дерде әскерилерге жасалған тұр­ғын үй-тұрмыстық жағдаймен та­нысып, казармаларды, асханалар­ды және әлеуметтік-мәдени нысандарды аралады.

Шымкент қаласындағы Әуе қорғанысы күштерінің авиабазасында Руслан Жақсылықов ұшу экипажына пилотаж және авиа­циялық зақымдау құралдарын қолдану міндеттерін пысықтауға мүмкіндік беретін бөлімнің инфра­құрылымын, авиакомпания­ларды қарады.

Жұмыс сапарының соңында Қорғаныс министрі жауынгерлік даярлықтың сапасын арттыру, әскерлердің жауынгерлік әзірлігі және әскери инфрақұрылым объектілерін жайластыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.