Басылым • 18 Ақпан, 2024

Басқа басылымдардан: Келешегі кемел ынтымақтастық

87 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапармен келді. Бұл – Қазақстан Президентінің Парсы шығанағындағы елге алғашқы сапары.

Басқа басылымдардан: Келешегі кемел ынтымақтастық

Қазақстан мен Қатар заң, жұмыспен қамту, ақпараттық технологиялар, әлеуметтік даму, адалдық, банк ісі, телекоммуникация, энергетика сияқты түрлі секторда және инфрақұрылымдық жобаларда көптеген келісімге келіп, қарым-қатынасын бекітіп жатыр.

Қатар банкі «Lesha Bank» пен қазақстандық «Бәйтерек» венчур­лық қоры арасындағы келісімге, сондай-ақ «Mobile Telecom Service» компаниясымен стратегиялық келісімге қол қойылғаннан кейін экономика және технологиялық секторлар айтарлықтай серпін алады.

Энергетика және инфрақұрылымдық жобалар да маңызды. Атап айтқанда, энергетиканы дамытуға бағытталған бірнеше жобаны қамтитын өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, оның ішінде Қашаған кен орнында электр стансасы мен газ өңдеу зауытының құрылысы бар.

 

впр

Ауқымды реформаларға заңнамалық қолдау

Қазақстан Президенті Қатардың өркендеп келе жатқан экономикасы мен бейбітшілікке бағытталған сыртқы саясатын жоғары бағалады.

«Бүгінде Қатар озық және қарқынды дамып келе жатқан экономикасымен, сондай-ақ белсенді әрі бейбіт сыртқы саясатымен танымал. Жоғары Мәртебелі шейх Тәмим бен Хамад Әл-Тәнидің басшылығымен сіздердің еліңіз үлкен жетістікке жетті. Қатар өзінің қуатты экономикасын және өркендеген қоғамын мақтан тұтуына болады», деді Қ.Тоқаев Қатар мемлекетінің Консультативтік кеңесінде (Әл-Шура Консультативтік Мәжілісі) сөйлеген сөзінде.

Қазақстан Президенті «ауқымды реформаларға аса маңызды заңнамалық қолдау көрсетіп, негізгі ішкі үдерістерді қадағалап отыратын» Шура Кеңесінің даму және жаңғырту үдерісіндегі рөлін жоғары бағалап, елдегі «сот төрелігі, заң үстемдігі, теңдік және жауапкершілік қағидаттарына негізделген әділетті Қазақстан құру жолында күш-жігер жұмсап жатқанын» атап өтті.

 

 вке

Стратегиялық әріптестік орнату ұсынылды

Қазақстан Президенті Қатар парламентінің кворумында сөз сөйлеген алғашқы шетелдік көшбасшы болды.

Мемлекеттік деңгейдегі келіссөздерден кейін Қ.Тоқаев елдер арасында толыққанды стратегиялық әріптестік орнатуды ұсынды. Сонымен қатар Қазақстан басшысы 2025 жылы Парсы шығанағы мен Орталық Азияны байланыстыратын интермодальдық көлік желісін дамыту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және ел астаналарында Қазақстан мен Қатардың мәдени көрмелерін ұйымдастыру қажет екенін атап өтті.

Келіссөздер барысында Қ.Тоқаев 250 миллион долларға 60 шикізат емес тауардың Қатарға экспортын ұлғайтуға дайын екенін айтты, сондай-ақ екіжақты тауар айналымын 500 миллион долларға дейін арттыруды ұсынды.

Қазақстан тарапы мен Қатар Әмірі Тәмим бен Хамад Әл-Тәни арасындағы келіссөздер қорытындысында он шақты құжатқа қол қойылған. Негізгі келісім «QazaqGaz» мемлекеттік компаниясы» АҚ пен Қатар «UCC» холдингі арасындағы Қазақстанның Қашаған кен орнында газ өңдеу зауыттарын салудағы ынтымақтастыққа, энергетика және газ саласындағы, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ мен Қазақстанның Энергетика министрлігі және «Qatar Energy International Holding» арасындағы жобаларға бағытталған.

 

 рр

Сындарлы дипломатиялық қарым-қатынас

Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 31 жыл толды.

Тарихи тұрғыдан осы қыс­қа уақыт ішінде тараптар сая­си, сауда-экономикалық, ин­вес­тициялық және мәдени-гу­ма­ни­тарлық салаларды қоса алғанда, стратегиялық әріптестік саласын едәуір кеңейтті, сондай-ақ «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» өңіраралық диалогі шеңберіндегі өзара іс-қимылды тереңдете түсті.

Қазақстан Президенті мен Еуропалық кеңес Президенті Шарль Мишельдің Орталық Азия елдері көшбасшылары мен Еурокеңес Президентінің II кездесуіне және БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-конференциясына бірге қатысуы Астана және Брюссель арасындағы саяси диалогті едәуір күшейтті.

 

 оо

Елдің ең ірі сауда серіктесі

Қытайдың кеден агенттігі (GACC) жариялаған мәліметтерге сәйкес ҚХР мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы сау­да 2023 жылы күрт өскен.

GACC мәліметтері бойынша аймақтың жылдық тауар айналымы 2023 жылы 89,4 млрд долларды құрады, бұл өткен жылғы 70,2 млрд доллардан 27 пайызға көп. Алайда сауда балансы біркелкі емес: Орталық Азия елдеріне экспортталған тауарлар мен қызметтер 61,4 млрд долларға жетсе, Бейжіңнің аймақтан импорты 28 млрд долларды құрады.

2023 жылы Қазақстан Қытайдың ең ірі сауда серіктесі болды. Екіжақты тауар айналымы 41 миллиард долларға жеткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 32 пайызға артық.