Мектеп • 18 Ақпан, 2024

Заманауи білім ошағы

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Керекудегі ауылдардың бірінде 120 оқушыға лайықталған жаңа білім беру ұясы ашылды. Мектеп заманауи жабдықтармен, STEM-зертханамен, IT, роботтехника және 3D-модельдеу сыныптарымен жабдықталған.

Заманауи білім ошағы

Суретті түсірген – Валерий БУГАЕВ

Павлодар ауданының Сычевка ауылында жаңа мектеп есігін айқара ашты. Ғимарат 1975 жылы салынған, апаттық жағдайда тұрған ескі білім беру ошағының орнында бой көтерді. Заманауи үлгідегі мектептің салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов оқушыларға жақсы білім алып, зор жетістіктерге жетуге тілектестік білдірді.

– Мемлекет басшысы «Еліміздің дамуы жас ұрпаққа байланысты» деп атап өткен болатын. Біз оқу орындарының инфрақұрылымын жаңартуға көп көңіл бөлудеміз. Сычевка ауылындағы мектеп – аймағымыз бойынша апатты жағдайдағы ескі ғимараттардың орнына салынған үшінші білім ордасы. Біз осы жылы да басқа елді мекендерде мектептер мен балабақшалар салуды жалғастырамыз. Бұл балаларымыз үшін ауылда жайлы жағдай жасаудың тағы бір қадамы болмақ, – деді әкім.

Сонымен қатар ол ERG тобының акционерлеріне де алғысын білдірді. Жаңа мектептің құрылысы ERG мен Павлодар облысының әкімдігі арасындағы меморандум аясында жүргізілді. Жобаға салынған инвестиция 1,08 млрд теңгені құрады. Аумағы 1 498 шаршы метрді алып жатқан екі қабатты ғимаратта led-дисплейі бар мәжіліс залы, спортзалы, асхана және кітапхана бар. Цифрлы микроскоптар мен виртуалды-цифрлық зертхана сатып алынды. Сондай-ақ мектепте «Еркетай» шағын орталығы мен мектепке дейінгі білім беру орталығы ашылды.

 

Павлодар облысы