Спорт • 19 Ақпан, 2024

Пара дзюдо: Бес медаль бұйырды

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пара дзюдодан Германияның Гейдельберг қаласында өткен  Grand Prix турнирінде еліміздің балуандары  бес медаль иеленді,  деп жазады Egemen.kz.

Пара дзюдо: Бес медаль бұйырды

Фото: kaz_para_judo

48 кило салмақ дәрежесінде күрескен (J2 санаты) Ақмарал Науатбек қарсыластарын айқын ұтып,  чемпион атанды. J2 санатында 70 килодан жоғары салмақта белдесуге түскен  Зарина Раифова да алтын медаль иеленді. 70 кг салмақ  дәрежесінде  Аяла Мереке (J2 санаты) қола медаль  еншіледі. Ол гран-при додасына алғаш рет қатысып, олжалы оралды.

Ерлер додасында Ерғали Шәмей (J1 санаты) 73 кг салмақта және J2 санатында  аса ауыр салмақта сынға түскен  Жұқамырза Шүкірбеков қола медальді місе тұтты.