Фото: inbusiness.kz
Антикор хабарламасына сәйкес, ол Іле ауданының орта мектептерінде іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға заңсыз жалақы аударып, адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы 680 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
«Сонымен қатар ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, өзінің жүргізушісін мектеп-гимназияға кәсіби бағдаршы лауазымына жалған жұмысқа орналастырып, оған заңсыз жалпы сомасы 4.9 млн теңге жалақы төлеген. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр», делінген ресми хабарламада.
ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.