Қоғам • 20 Ақпан, 2024

Қоғам дертін қозғаған...

217 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада сатирик қаламгер Қанағат Әбілқайырдың «Періштелер жоқ жерде» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Қоғам дертін қозғаған...

Бұған дейін оқырманға бірнеше жинақ тарту еткен жазушының жаңа кітабы «Фо­лиант» баспасынан жа­рық көрген. Шығарманың не­­гіз­гі арқауы қоғам дер­тіне айналған жемқорлық та­қы­рыбына арналған.

Кеш тізгінін ұстаған Пар­ламент Мәжілісінің депутаты, ақын Жанарбек Әшімжан қаламгер шығармашылығына тоқталып, оның сатира жанрында өнімді еңбек етіп жүргенін жеткізді.

«Сатира – қиын да күрделі жанр. Сондықтан оған қалам тербейтіндер сирек. Мә­се­лен, Қазақ әдебиетінде са­ти­­ралық роман жазған Садық­бек Адамбековтен бас­тап Ос­панхан Әубәкіров, Шона Смаханұлы, Сейіт Кен­жех­мет­ұлы, Көпен Әмір­бек, Үм­бетбай Уайдин секілді ар­дақты ағаларымыз осы жанрды бір биікке көтерді. Осы сатира саңлақтарының жолын сәтті жалғаған қаламгердің бірі – Қанағат Әбілқайыр. Оның әр шығар­масын оқырмандар іздеп жүріп оқиды. Бүгінгі тұсауы кесілген жинағында қоғамның келеңсіз көріністері көркем бейнеленген», деді ол.

Одан кейін сөз алған Бе­рік Садыр, Бауыржан Ба­ба­жанұлы, Дәулеткерей Кәп­ұлы және тағы басқа да қа­ламгерлер автордың туындысы туралы ой-пікірлерін ортаға салып, ізгі лебіздерін білдірді.

Белгілі сыншы, Халық­аралық «Алаш» әдеби сыйлы­ғының лауреаты Амангелді Кеңшілік сатиралық жанрда көркем шығарма жазу екі суреткердің бірінің қолынан келмейтінін тілге тиек етті.

«Менің ұғымымда әде­биет деген білім, ізденіс қана емес, ол – тазалық, адам­­гершілік, парасаттылық. Міне, осы үш қасиет Қанағат­тың бойында бар. Өзім оның туындыларын үзбей оқимын. Проза жазу оңай емес. Со­ның ішінде оқырманды күлдіретін сарказммен жазу қиын. Бірақ сол қиындықтан қорықпаған қа­ламгердің шы­ғармалары шынайы, шын­шыл жазылған», деді сын­шы.

Кеш соңында Қана­ғат Әбіл­­қайыр өз шығармашы­лы­ғы туралы аз-кем сөз қозғап, жи­­налғандарға ризашылығын біл­дірді.