Заң • 21 Ақпан, 2024

Ел азаматтарының жеке дерегін сатпақ болған хакер сотталды

551 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықтың жеке деректері сақталған мемлекеттік маңызды ақпарат жүйесіне қол сұққан азаматтың кінәсі толық дәлелденді. Ақтау қалалық соты оны 3 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазады Egemen.kz.

Ел азаматтарының жеке дерегін сатпақ болған хакер сотталды

Фото: ҰҚК

Қылмыскер азаматтардың жеке деректерін үшінші тұлғаларға сатпақ болған. Сол мақсатта елдің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының маңызды нысандары болып табылатын мемлекеттік ақпарат жүйелеріне заңсыз кірген. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыскердің кінәсі толық дәлелденгенін мәлімдеді.

«Қылмыстық кодекстің 147-бабы 3, 4-бөліктері, 205-бабы 2-бөлігі және 208-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда кінәлі деп танылған Қазақстан азаматына қатысты Ақтау қаласы сотының үкімі заңды күшіне енді», деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.